Sports.kz
Дата от   до

СпециалистыНургазы Сасаев

1 июля 2014(22:48)

Ресей құрамасын Яшиннің аруағы қолдамады ма?

Қарап отырсақ, дәл қазір Ресей футболшыларының Бразилиядағы сәтсіздігі сан-сақа жүгіртілуде. Әркім әр түрлі айтады. Бірақ түптеп келгенде, Капелло кінәлі, Акинфеев кінәлі, қақпашының көзіне лазер түсірген Алжир жанкүйері кінәлі, тағысын тағы...
Бірақ бәрі де бір келеңсіз оқиғаны ұмытқан сияқты. Ресей құрамасы сүрінсе де, бұл туралы жақ ашып, аузына алған ешкім жоқ.

Жұмбақтамай таратып айтар болсам, екі рет ресейлік «Зенит» клубының фанаттары атақты, марқұм Лев Яшинге тіл тигізген болатын. Ұмытпасам, бірінші рет 2008 жылы қараша айының ортасында «Динамо» (Мәскеу) – «Зенит» кездесуінде «...ваш Яшин, сдохнет и «Динамо» деген баннерді керіп ұстады...
Содан соң әйгілі қақпашыға тіл тигізілген тағы бір осындай баннер 2012 жылы сәуір айының аяғында әуежайдан қалаға кіретін жол бойына (Санкт-Петербургтегі) ілінген-ді...
Бразилияда өтіп жатқан әлем чемпионатында Ресей қақпашысы Акинфеев Корея футболшысы тепкен допқа ие бола алмай, тіпті қолынан қақпа ішіне түсіріп алып, жаза басқанда.... Содан соң Алжирмен ойнағанда, әуелеп ұшқан допқа жете алмай, қателескенінде... Мен осы екі жағдайды есіме түсірдім.
Бәлкім, мәселе дедек қаққан «Бразука» добында емес шығар. Акинфеев те домалақ допты алғаш рет көріп тұрған адам емес қой.
Білмеймін, мүмкін менің бұл ойым дұрыс емес те шығар. Әйтсе де, Ресей құрамасының сәтсіздігі жайлы айтылғанда, осы жағдайлар ойыма келеді. Жалпы, Ресей футболында марқұм Л.Яшиннен асқан жарық жұлдыз, тарихи тұлға бар ма?! Яшинді «футбол королі» атанған Пеленің өзі өте жоғары бағалайды.
Менің осы бір дүдәмал ойым сіздерге ұнамаса, сөкпеңіздер. «Өлі риза болмай, тірі байымайды» деген үлкендер өсиетін құлағымызға сіңіріп өскен ұлттың ұрпағымыз ғой, маған сондағы «Зенит» фанаттарының анайы қылықтары жүдә ерсі көрінген... 


Подписывайтесь на главные новости
казахстанского спорта в Telegram

t.me/allsportskz

Комментарии

Сделать ставку
Комментировать могут только авторизованные пользователи, войдите или зарегистрируйтесь
  • Оте рахмет!Ответить

    • 8 июля 2014, 17:51
    • Усть - Каменогорск
    • 12 записей
    • 4109 дней на портале

Карточка блогера

Ел спорты жайлы ой

Блог Нургазы Сасаева о казахстанском спорте

  • Дата рождения:

    30 ноября 1966

  • В спорте:

    с 1988 года

Профиль блоггера

Фотоальбом

Наверх