Sports.kz
Дата от   до

СпециалистыНургазы Сасаев

19 ноября 2014(12:24)

Футбол. Ұлттық құрама. Жеті жоқ

Қазақтың дәстүрлі дүниетанымында Жеті қазына деген философиялық түсінік бар. Ол атадан қалған асыл сөздер деп те аталады. Соның ішінде "Жеті жоқ" деген ұғым бар. Осы ретте, футболдан ойыны үйлеспей жүрген Қазақстан ұлттық құрамасының "Жеті жоғын" тізбектеп шығуға тырысқан едім. Өз ойларыңызды қоса жатарсыздар.

1. Сыралғы қақпашы жоқ 

2. Бесаспап шабуылшы жоқ

Латвиямен өз алаңымыда 0:0 есебімен тең түстік. Түзде Нидерланды құрамасынан 1:3 есебімен ұтылдық. Жалқы голды қорғаушы Ренат Абдулин соқты. Одан соң Астанада Чехия құрамасына 2:4 есебімен есе жібердік. Екі голды да қорғаушы Юрий Логвиненко соқты. Енді міне, Түркиядан да 1:3 есебімен ұтылып қалдық. Жалғыз голды пенальтиден қорғаушы Самат Смақов соқты. Ал шабуылшыларымыз қайда?!

3. Орталық қорғаушы жоқ 

4. Тарихи маңызды жеңіс жоқ 

Рас, 2007 жылы азулы Сербия құрамасын Алматыда 2:1 есебімен тізе бүктіргенбіз. Сол жеңіс біразға дейін жыр болып, мақтан тұтылды. Бірақ тарқап та кеткен сияқты. 

5. Еуропаның жоғары деңгейлі чемпионаттарында ойнайтын футболшы жоқ 

6. Ұлттық құрамада көшбасшы жоқ 

Көшбасшы демекші, бідің құрама сапында нақты бір капитан да жоқ сияқты. Мысалы, електік додасының төрт турында біздің құраманы жасыл алаңға үш капитан бастып шықты. Олар – Таңат Нөсербаев (екі ойында), Андрей Карпович және Самат Смақов.  

7. Қазақ тілді бапкер жоқ 

Түркия сияқты ұлттық болмыс, ұлттық мүддеге көңіл аударатын елде бапкерлеріміздің бірінің қазақша сөйлеп тұрғаны абзал еді. Мұны кейбіреу түсінсе, базбіреулер сан-сақа жүгіртетін шығар. Бірақ біздің ұлттық құрамаға тап осы ұлттық мүдде, ұлттық болмыс жетіспейтін сияқты... 


Подписывайтесь на главные новости
казахстанского спорта в Telegram

t.me/allsportskz

Комментарии

Сделать ставку
Комментировать могут только авторизованные пользователи, войдите или зарегистрируйтесь
  • 7 пункт, конечно, у вас тот еще бред!!! думаю, в сборной все и по-русски неплохо говорят, чтобы понимать установки тренера. А вообще футбольный язык - международный, понятен всем. Так что не надо демагогию ура-патриотов смешивать с требованиями к профессионализму игроков и тренеров. Отсутствие должного развития ДЮСШ, инфраструктуры, скаутов - вот настоящие проблемы сборной и футбола в целом!!!Ответить

    • 21 ноября 2014, 20:07
    • Караганда
    • 12615 записей
    • 4046 дней на портале

Карточка блогера

Ел спорты жайлы ой

Блог Нургазы Сасаева о казахстанском спорте

  • Дата рождения:

    30 ноября 1966

  • В спорте:

    с 1988 года

Профиль блоггера

Фотоальбом

Наверх